Қазақстанда үй жануарларын есепке алудың TABAN бірыңғай ақпараттық жүйесінде 400 мыңға жуық жануар тіркелген. Олардың басым бөлігі – иттер мен мысықтар. Цифрлық тізілім үй жануарларының ең танымал аттарын да анықтауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Иттер арасында ең жиі кездесетін есім – Ақтөс. Бұл ат 8 863 итке қойылған. Екінші орында – Шарик, мұндай атпен 6 027 ит тіркелген. Үштікті Рекс түйіндейді – 5 409.
Алғашқы ондыққа Тузик – 4 243, Лайка – 4 137, Арлан – 3 012, Мойнақ – 2 382, Алапар – 2 056, Барсик – 2 004 және Барбос – 1 963 кіреді.

Мысықтар арасында ең танымал ат – Мурка. Бұл есім 2 236 мысықта бар. Одан кейін Муся – 1 529, Барсик – 1 491, Мурзик – 842 және Соня – 833 тұр. Сондай-ақ Рыжик, Симба, Алиса, Вася және Кузя есімдері де жиі қойылады.

Жүйеде ит пен мысықтан бөлек сирек кездесетін үй жануарлары да есепке алынған. Мәселен, тізілімде қоян, күзен, тасбақа, атжалман, сәндік егеуқұйрық, ергежейлі шошқа және капибара бар. TABAN жүйесі арқылы жануардың электрондық паспорты қалыптастырылып, онда оның иесі, тұқымы, жынысы, туған күні және сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Вакцинация және басқа да ветеринариялық рәсімдер туралы ақпарат та цифрлық профильде сақталады.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-byltyr-zhel-21-saghat-bojy-tolastamaghan/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *