Қазақстанда Құрылтайдың алғашқы шақырылымында депутаттық мандат алған кандидаттардың есімдері белгілі болды. Саяси партиялар өздеріне тиесілі мандаттарды бөліп, депутаттар тізімін бекітті, деп жазады Qazaqstan Media. 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, «Әділет» партиясы 6 528 948 дауыс немесе 71,17 пайыз жинап, 110 мандат алды. «Ауыл» партиясына – 10, Respublica-ға – 9, «Ақ жолға» – 8, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға 8 мандат берілді.

Ал Қазақстан Халық партиясы мен «Байтақ» жасылдар партиясы Құрылтайға өту үшін қажетті 5 пайыздық межеден өте алмады. 

«Ауылдан» – 10 депутат

«Ауыл» ХДПП Саяси кеңесі бюросының 26 тамыздағы отырысында Құрылтайға баратын он депутатты бекітті.

Партия атынан Қайрат Айтуғанов, Шахмардан Байманов, Захира Бегалиева, Серік Егізбаев, Мұрат Иргибаев, Ажар Каджибекова, Владимир Киян, Алмас Мұхаметов, Динара Райханова және Рабиға Токсеитова депутат болады.

Партия мәліметінше, мандаттарды бөлу кезінде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты заң талаптары ескерілген. 

ЖСДП сегіз депутатын анықтады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия да Құрылтайдағы сегіз мандаттың иелерін жариялады. Жаңа Парламентте партия атынан ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов, Мақсұт Насибулов, Нұрайнаш Камалова, Лариса Ли, Аслан Құлмағамбетов тіркелді. Сонымен қатар, Арман Ақылбай, Наурыз Сайлаубай және Ажар Сағандықова жұмыс істейді.

Дания Еспаева Құрылтайға өтеді

Сайлауда 478 083 дауыс немесе 5,21 пайыз жинаған «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясына сегіз депутаттық мандат берілді.

Партия атынан Құрылтайға Дәурен Ахметжаев, Бақтыбек Бибаев, Дания Еспаева, Асылхан Қожахметов, Юрий Ли, Олжас Нұралдинов, Мейраш Шынасылова және Ермекқали Юсупов өтеді.

Respublica-дан – тоғыз депутат

Respublica партиясы сайлауда 509 631 дауыс немесе 5,56 пайыз жинап, тоғыз мандат иеленді.

Партияның Орталық кеңесі мандаттарды Бекжан Айтқұлов, Руслан Ыдырысов, Мейірхат Қасымбаев, Олжас Құспеков, Динара Наумова берді. Сондай-ақ Екатерина Смолякова, Нұргүл Тау, Махамбет Хасенов және Айдарбек Қожаназаровқа беру туралы шешім қабылдады.

Олардың бесеуі Мәжілістің VIII шақырылымында депутат болған. Ал қалғандары Құрылтайда депутаттық қызметке алғаш рет кіріседі. 

«Әділеттің» 110 депутаты кім болады?

Құрылтайдағы басым көпшілік «Әділет» партиясына тиесілі. Сайлаушылардың 71,17 пайызы қолдаған саяси ұйым 145 мандаттың 110-ын иеленді.

27 тамыз таңында «Әділет» партиясы Құрылтайға өтетін 110 депутаттың тізімін жариялады. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысынан төрт депутат бар. Олар: Ерлан Тоқшылық, Шолпан Каринова, Елена Семидоцких және Ольга Перепечина бар. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да ерекше балаларға арналған тегін үйірмелер жұмыс істейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *