«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Агробизнес — мал шаруашылығы» бағдарламасын іске қосты. Оның аясында «Қызылжар Сүт» серіктестігі жеңілдетілген пайызбен несие алып, Германиядан асыл тұқым ірі қара әкеледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Кәсіпорын несие қаражатына Германиядан 165 голштин-фриз тұқымды ірі қараны сатып алмақ. Серіктестікке «Игілік» бағыты бойынша 339,4 млн теңге көлемінде несие берілді. Қарыз алты пайыздық мөлшерлемемен бес жылға рәсімделген.

Биыл шілде айында «Солтүстік» ӘКК мен «Аграрлық несие корпорациясы» «Агробизнес- мал шаруашылығы» бағдарламасы аясында «Игілік» және «Береке» бағыттарын ашу туралы келісімге қол қойған. Оның аясында өңірге импорттық асыл тұқымды мал сатып алуға 15 млрд теңге бөлінді.

««Қызылжар Сүт» ЖШС мал шаруашылығымен 2018 жылдан бері айналысады. Ал 2020 жылы кәсіпорын заманауи цифрлық сүт фермасын іске қосты. Компания 2024 жылы сиырлардың өнімділігі бойынша Қазақстандағы үздік он сүт өндіруші кәсіпорынның қатарына енді. Шаруашылықта бір азықтық сиырдан алынатын жылдық сүт мөлшері 9 мың тоннадан асты», — делінген ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы берген хабарламада.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ерекше балаларға арналған тегін үйірмелер жұмыс істейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *