СҚО-да көмірдің қажеттілік көлемі 624 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда оның 187 мың тоннасы дайындалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
СҚО-да көмірдің қажеттілік көлемі 624 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда оның 187 мың тоннасы дайындалған
Бұл жалпы көлемнің 48 пайызын құрайды. Бүгінде бюджеттік мекемелерге 154 мың тонна қара отын жеткізілді. Олар: мектептер, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік нысандар.
«Қазір тұйықтарда 54 мың тонна көмір қоры бар. Биыл облысымызда қара отынның тоннасы 12 мен 25 мың теңгенің аралығында сатылуда», — деп хабарлады облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы.
Басқарманың хабарлауынша, биылғы жазда тұрғындар көмірді аз алған. Сондықтан халықтың ертерее қамдануды сұрайды. Қазан-қараша айларынды қара отынға сұраныс өте жоғары болады. Баға өсіп кетуі де ықтимал.

