27 жастағы елордалық азамат Петропавлға есірткі тарату үшін таксимен келген. Оны 12 тамыз күні полицейлер қолға түсірді, деп жазады Qazaqstan Media.
Синтетикалық есірткіні тәртіп сақшылары жігіттің рюказгы мен қалтасынан тапқан. Сарапаптама алынған үш орамада α-PvP атты есірткі екенін анықтады. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 230 грамды құрады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам психотроптық заттарды тарататын интернет-дүкенде тасымалдаушы және есірткі заттарын жасырын орындарға орналастырушы қызметін атқарған.

Оның айтуынша, интернет-дүкенде жұмыс істей бастағанына шамамен екі апта болған. Ал Петропавлға есірткімен екінші рет келген. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда полицейлер заңсыз айналымнан 462 есірткі затын тәркіледі. Оның ішінде 8 келісі — синтетикалық есірткі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да қос ауданның прокуроры ауысты

