Облыс орталығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өтті. 60-тан астам жас «Тұңғыш Президент» саябағын күл-қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараға 60-тан астам ерікті, оқушылар мен студенттер қатысты. Жастар қолына сыпырғыш пен пакеттер ұстап, Тұңғыш Президент саябағы аумағын қоқыс пен жапырақтардан тазартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың негізгі мақсаты — тек аумақты қоқыстан тазарту емес, өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа деген жауапкершілік пен экологиялық сауаттылықты сіңіру болып табылады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері жүздеген шара ұйымдастырылды. Біз тек тазалық акцияларын ғана емес, жастар экологиялық мәдениетке баулитын интеллектуалды ойындар мен тренингтерді де өткіздік. Алдағы аптада біз «Қазақтелеком» маңындағы саябақ аумағын ретке келтіруді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытқа жоспарымыз ауқымды», — деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының бөлім басшысы Анастасия Волкова.

Жыл басынан бері облыс бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында 300-ден астам іс-шара өткізілді. Маңызды жұмыстар алдағы уақытта да жалғасмын табады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жастардың білімін арттыруға арналған квест ойыны өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *