Петропавлда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шара өтті. Тағылымы мол жиын «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараның басты мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу. Басқосуға 60-қа жуық жас қатысты. Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мамандармен тікелей пікір алмасты.

СҚО-да жыл басынан 160-тан астам дропперлік қылмыс тіркелді
СҚО-да жыл басынан 160-тан астам дропперлік қылмыс тіркелді

«Кездесу барысында киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтық, нашақорлық, лудомания және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Аталған тақырыптарды бекерден-бекер таңдамадық. Олар жастар арасында өзекті саналады. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында мұндай іс-шаралар түрлі форматта өткізіледі. Атап айтқанда, профилактикалық кездесулер, зияткерлік ойындар, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әр шараға түрлі саладағы жаңа спикерлер мен сарапшылар тартылады», — деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының бөлім басшысы Анастасия Волкова.

Шарада интернет-алаяқтық мәселесіне ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері өңірімізде дропперлік қылмыстың 167 дерегі тіркелген. Тәртіп сақшыларының сөзінше, мұндай іске көбіне жастар барады. Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұл-қыздарға банк картасын бөгде адамдарға бермеуге, егер карта жоғалса, оны дереу бұғаттауға шақырды.

СҚО-да жыл басынан 160-тан астам дропперлік қылмыс тіркелді
СҚО-да жыл басынан 160-тан астам дропперлік қылмыс тіркелді

«Дропперлік қылмысқа тек жастар емес, ересектер мен егде жастағы азаматтар да тартылуы мүмкін. Оқу жылының басталуына байланысты бірінші курс студенттеріне ерекше сақ болуды ескертеміз. Жастар әлеуметтік желілерде жоғары табыс ұсынатын күмәнді адамдарға сенбеу қажет. Банк картасын, шот деректерін немесе өзге де төлем құралдарын бөгде адамдарға беруге болмайды. Егер карта немесе шот қылмыстық жолмен алынған қаражатты аудару үшін пайдаланылса, оның иесі де заң алдында жауап береді», — деді СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Милена Балацкая.

Іс-шараға қатысып отырған жастың бірі — Әлішер Саян. Оның сөзінше, бүгінгі кездесудің жастар үшін маңызды. Ол ақпараттық технологиялар дәуірінде әрбір адам сауысқандай сақ болуы қажет деп санайды.

СҚО-да жыл басынан 160-тан астам дропперлік қылмыс тіркелді
СҚО-да жыл басынан 160-тан астам дропперлік қылмыс тіркелді

«Жастар өз құқықтарын біліп, әр ісіне жауапкершілікпен қарау керек. Бүгінгі іс-шарада алаяқтықты болдырмау, интернеттегі қауіпсіздік туралы ақпарат алдық. Сарапшылар алаяқтықтың түр-түрі жайлы айтып берді, жеке деректерді қорғау мәселелеріне де тоқталды. Мен үшін мұндай кездесулердің маңызы зор», — деді қатысушы Әлішер Саян.

Тағы оқыңыз: Грант иегерлері тапсыруы тиіс құжаттар

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *