Петропавлда «Өмір үшін бірге» атты дөңгелек үстел жиыны өтті. Басты мақсат — құқықбұзушылықтардың алдын алу, халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шара Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткізілді. Кездесу барысында балалар мен жастар үшін психологиялық жайлы әрі қауіпсіз орта құру, дағдарыстық жағдайлар мен психологиялық әл-ауқатты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, есірткі тұтыну мен есірткі қылмысының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Спикерлер өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, бүгінгі өзекті мәселелерді жіпке тізді. Шараға 20-дан астам адам қатысты.
«Қазіргі таңда жастар оңай ақша табуға әуес. Тиісінше есірткі таратумен айналысып, өз өмірлеріне балта шабады. Мен бүгін осы тақырыпты баяндама дайындап әкелдім. Ұл-қыздарға пайдасын тигізеді деген сенімдемін», — деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.
Шара Заң және тәртіп» қағидаты аясында өткізілді. Кездесу барысында балалар мен жастар үшін психологиялық жайлы әрі қауіпсіз орта құру, дағдарыстық жағдайлар мен психологиялық әл-ауқатты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, есірткі тұтыну мен есірткі қылмысының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Спикерлер өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, бүгінгі өзекті мәселелерді жіпке тізді. Шараға 20-дан астам адам қатысты.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 900-ге жуық жас әскерден жалтарып жүр

