Петропавлда «Жас өнерпаздар әлемі» атты интерактивті шара өтті. Басты мақсат — жас дарындарды қолдау, шығармашылық әлеуетін дамыту, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавлда «Жас өнерпаздар әлемі» атты интерактивті шара өтті. Аты айтып тұрғандай, шара кішкентай ұл-қыздардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған. Көңілді жиында жеткіншектер сурет салды, би биледі, қолөнер бұйымдарын жасады. Басты мақсат — жас дарындарды қолдау, шығармашылық әлеуетін дамыту.
«Мен бұл шараға демеушілік етіп отырмын. Балалардың көңіл күйін көтеру үшін аниматорлар жалдадым. Түрлі байқауларға қатысып, үздік атанғандарына тәтті сыйлықтар табыстаймыз. Шараны ұйымдастырған қалалық жастар ресурстық орталығына алғысым шексіз. Балалардың мәз-мейрам болып жүргенін көріп, бір марқайып қалдым», — деді жеке кәсіпкер Рүстем Ілиясов.
Интерактивті шараға 150-ге жуық бала қатысты. Барлығының қуанышында шек жоқ. Асыр малым ойнады. Ұл-қыздар мұндай шаралардың жиі өткенін қалайды. Айта кету керек, қалалық жастар ресурстық орталығы оқу жылы басталмай тұрып тағы да осы сияқты шара өткізбек.
Тағы оқыңыз: Ғ. Мүсірепов ауданындағы Чистополье ауылында екі көшенің жолы жөнделіп жатыр

