Шағын ауыл үшін жол жөндеу – жай ғана абаттандыру емес, тұрғындардың күнделікті жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Ғабит Мүсірепов ауданындағы Чистополье ауылында бірден екі көшенің жол жабыны жаңартылып жатыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар бұл жұмыстарды көптен күткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жөндеу жұмыстары Совет және Карл Маркс көшелерінде жүргізілуде. Чистополье ауылы үшін бұл көшелердің маңызы зор. Тұрғындар күн сайын осы жолдармен жұмысқа, дүкендерге және әлеуметтік нысандарға қатынайды. Сондай-ақ жеке және қызметтік көліктер де осы бағытпен жүреді. Жол жабынының жаңартылуы көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалысты қауіпсіз әрі жайлы етуге мүмкіндік береді.

«Біз бұл жөндеуді көптен күттік. Ауыл үшін сапалы жол өте маңызды. Осы жолмен күн сайын көліктер қатынап, адамдар жүреді. Енді, міне, жаңа асфальт төселіп жатқаны қуантады. Жол сапалы болып, ұзақ жыл қызмет етеді деп сенеміз», – деді Чистополье ауылының тұрғындары.

Чистопольедегі жөндеу жұмыстары — биыл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жол жөндеу науқанының бір бөлігі. Маңызды іс жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында да, елді мекендердің көшелерінде де атқарылуда. Биыл өңірде әртүрлі жөндеу жұмыстарымен жергілікті жолдар мен көше-жол желісінің шамамен 300 шақырымы қамтылады деп жоспарланған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 10,2 миллиард теңге бөлінген.

Солтүстік Қазақстан облысында жол инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Соңғы үш жылда бұл салаға 132,2 миллиард теңге бағытталып, шамамен 1,6 мың шақырым жол жөнделді. Өңір басшылығы жол жөндеу жобаларын іске асыру кезінде жұмыстардың мерзімінде аяқталуымен қатар, олардың сапасына да ерекше көңіл бөлінуі тиіс екенін атап өтті. Биылғы жол жөндеу науқаны аяқталғаннан кейін жергілікті маңызы бар нормативтік талаптарға сай жолдардың үлесін 91 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Ақжар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *