ҰҚК Шекара қызметі мемлекет шекарасын қорғау және күзету аясында ауқымды жұмыс атқарды. Дәлірек айтсақ, шекара маңындағы заңнаманы бұзған 4 975 адамды, оның ішінде 4 346 шетел азаматын ұстады, деп жазады Qazaqstan Media.

Шекара тыныштығын күзетіп жүрген жандар заңнама бұзған бес мыңға жуық адамды ұстады. Оның 80 пайызы — шетелдік азамат. Жалпы құны 3,9 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің жолы кесті.

Оның ішінде есірткі заттары – 39 факт, заңсыз қару мен оқ-дәрілер сақтаудың 88 фактісі тіркелді. Сонымен қатар, жанар-жағармай материалдары – 1 808, 
халық тұтынатын тауарлар заңсыз өткізудің 392 жағдайы анықталды. ҰҚК Шекара қызметінің құзыреті шеңберінде 63 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

«Сонымен қатар, өндірісте 4 295 әкімшілік іс қозғалды. Олар бойынша 38 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Құрылтай сайлауына арналған бюллетень үлгісі бекітілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *