Жуырда Қарқаралыда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың 80 жасқа толуына орай дүбірлі той өтті. Айтулы жиында қазақ күресінен сынға түскен жерлесіміз Нұрғали Тұрсынғазиев бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жуырда Қарқаралыда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың 80 жасқа толуына орай дүбірлі той өтті. Батырдың туған жерінде өткен думанда палуандар мен шабандоздар бес автокөлікті сарапқа салды. Қазақ күресі бойынша жарыста теріскейлік палуандар жоғары деңгейде өнер көрсетті.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрғали Тұрсынғазиев барлық қарсыластарын қоғадай жапырып, жарыс жеңімпазы атанды. Ол жеңіс жолында алты белдесу өткізді. Тиісінше сайыстың бас жүлдесі автокөлікке ие болды.

Ал тағы бір жас палуанымыз Әділет Мырзаш дүбірлі додада күмістен алқа тағынды. Ол жүлде жолында әккі қарсыластарынан басым түсті. Жерлес спортшыға қомақты қаржылай сыйлық табысталды.

Тағы оқыңыз: Айзада Рахметова: «Барша жерлестерімді 23-тамызда өтетін сайлауға қатысуға шақырамын

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *