Ел тағдыры шешілетін науқаннан жерлестеріміз қалмауы тиіс. Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының төрағасы Айзада Рахметова солтүстікқазақстандықтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

23 тамызда қазақстандықтар алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлайды. Ел үшін маңызды шараға жерлестеріміз жаппай қатысуы тиіс. Бұл Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының төрағасы Айзада Рахметованың пікірі.

«Барша жерлестерімді 23-тамызда өтетін сайлауға біркісідей қатысуға шақырамын. Себебі, әр жанның дауысы аса маңызды. Аталған науқаннан кейін еліміз жаңа белестердң бағындырады деп ойлаймын», — деді Айзада Рахметова.

Айзада Рахметованың пікірінше, Қазақстанда өтетін Құрылтай сайлауы – жаңа Конституция аясындағы ең маңызды саяси реформалардың бірі. Бұл институт заң шығарушы билікті қалыптастырудың жаңа моделін енгізіп, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді. Ал құқықтық негіздің нақты әрі айқын болуы сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамның сайлау институтына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда темекі қымбаттады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *