Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін бекітті. 12,6 миллионнан астам сайлаушыға көгілдір түсті екіжақты бюллетень беріледі, деп жазады Qazaqstan Media.

Бюллетеньнің бірінші бетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен мемлекеттің атауы орналастырылады. Екінші бетінде саяси партиялардың атаулары көрсетіледі. Олардың орналасу реті 2026 жылғы 23 шілдеде өткізілген жеребе қорытындысы бойынша белгіленген. Сондай-ақ бюллетеньде «Бәріне қарсымын» деген жол болады.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, бюллетеньдерді қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы полиграфиялық қорғаныс қарастырылған.

«Бюллетеньдерде офсеттік баспа әдісімен түсірілген элементтер, сондай-ақ белгіленген түс параметрлері, баспа қарпі және басқа да қорғаныс элементтері болады», — деді Михаил Бортник.

Дауыс беру бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне жеткізу сайлау күніне дейін үш күннен ерте басталмайды және дауыс беру басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей аяқталуы тиіс.

Бюллетеньдер сайлаушылар санына сәйкес басып шығарылады. Бұған қоса, жалпы тираждың 1 пайызы көлемінде резерв қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда темекі қымбаттады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *