Петропавлдағы мамандандырылған ХҚКО автодромы жөндеуге жабылады. Осыған байланысты жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтиханды уақытша тапсыру мүмкін болмайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

2026 жылғы 3 тамыздан бастап Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО автодромында жөндеу жұмыстары басталады. Жөндеу кезінде автодромның асфальт жабыны толық жаңартылады. Мамандардың айтуынша, бұл емтихан тапсырушылардың қауіпсіздігін арттырып, практикалық сынақтарды өткізуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстары шамамен 14 күнге созылады.

Осы кезеңде жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру қызметі көрсетілмейді. Бұған дейін емтихан күнін брондап қойған азаматтар жазбаларын өзгертіп, басқа қаладағы мамандандырылған ХҚКО-ға немесе жөндеу аяқталғаннан кейін Петропавлдағы автодромға қайта тіркеле алады.

Ал мамандандырылған ХҚКО-ның басқа мемлекеттік қызметтері бұрынғыдай қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Автодромның қайта ашылатын күні туралы қосымша хабарланады.

Тағы оқыңыз: Құрылтай депутаттарының сайлауын «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы бақылайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *