Петропавл қаласының 274 жылдығына орай орталық алаңда «Сүйікті қалам» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинаған кеште туған шаһарға деген құрмет ерекше сезілді, деп жазады Qazaqstan Media.

Мерекелік шара барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жиналған жұртшылықты қала күнімен құттықтады. Өңірдің соңғы жылдардағы жетістіктеріне тоқталды. Ол қаланың көркеюі мен дамуы ең алдымен осы жерде еңбек етіп, туған өлкесіне адал қызмет етіп жүрген тұрғындардың еңбегімен тікелей байланысты екенін айтты.

Өңір басшысы әр қаланың өзіндік болмысы мен келбеті болатынын атап өтті. Оның айтуынша, қаланың басты байлығы – оның тұрғындары. Олар күнделікті еңбегімен туған жердің дамуына үлес қосып, оның абыройын арттырып келеді.

Петропавлдың 274 жылдығы думанды мерекемен аталып өтті
Петропавлдың 274 жылдығы думанды мерекемен аталып өтті

«Қаланың мерейі – оның тұрғындарының мерейі. Осындай айтулы күні өткенге тағзым етіп, бүгінгі жетістіктерді бағалап, ертеңгі мақсаттарды айқындау бәріміз үшін маңызды. Бұл мереке туған қаласын шын жүректен сүйетін, оның бай тарихын мақтан тұтатын және қажырлы еңбегімен гүлденуіне үлес қосып жүрген жандарды біріктіреді», – деді облыс әкімі.

Салтанатты шарада ерекше құрметке ие болғандардың қатарында өңірдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбек әулеттері болды. Облыс әкімі оларға 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияның арнайы басылымын табыстады. Марапатталғандардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, инженерлік және энергетика саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан отбасылар бар.

Солардың бірі – ұстаздық жолды өмірлік мұрат еткен Сеңкібаевтар әулеті. Бұл әулеттің педагогика саласындағы жалпы еңбек өтілі 184 жылды құрайды. Әулет мүшелерінің бірнеше буыны жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келеді.

Әулет өкілі Алтын Сейітова-Сеңкібаева бүгінде қала мектептерінің бірінде еңбек етеді. Зейнет жасына шыққанына қарамастан, шәкірт тәрбиелеуді жалғастырып келеді.

Петропавлдың 274 жылдығы думанды мерекемен аталып өтті
Петропавлдың 274 жылдығы думанды мерекемен аталып өтті

«Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Ұстаздық жолды таңдағанымызға ешқашан өкінген емеспіз. Биыл педагогика саласында еңбек етіп жүргеніме 50 жыл болды. Бұл мамандыққа деген сүйіспеншілігім ешқашан азайған емес. Әулетіміздегі ағамыз Сабыр Талиұлы – ғылым кандидаты, профессор. Әпкелерім де, інілерім де ұстаздықты таңдады. Қаламыздың туған күнінде облыс әкімі қолынан Конституцияның жаңа басылымын алу – біз үшін үлкен мәртебе әрі зор қуаныш», – деді Алтын Сейітова-Сеңкібаева.

Мереке аясында Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне және көркеюіне үлес қосқан бірқатар азамат қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Петропавлдың 274 жылдығы думанды мерекемен аталып өтті
Петропавлдың 274 жылдығы думанды мерекемен аталып өтті

Кештің мерекелік бағдарламасы қазақстандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллиннің концертімен жалғасты. Танымал әншінің орындауындағы әндерге тұрғындар қосылып айтып, қала күні көтеріңкі көңіл күймен қорытындыланды.

Петропавлдың 274 жылдығы думанды мерекемен аталып өтті
Петропавлдың 274 жылдығы думанды мерекемен аталып өтті

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Жылдың үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2026» анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *