Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясына интерактивті шара ұйымдастырылды. Шара барысында қала тұрғындарымен қонақтары экологиялық сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Интерактивті шараны қоғамдық даму және ақпарат орталығының өкілдері ұйымдастырылды. Достық үйі алдында «Поле чудес» ойынындағы сияқты үстел қойылған. Оның бетіндегі бағдар көрсетуші тілше сауалдардың нұсқауын ұсынады.

«Біз табиғатты қорғау қызықты әрі пайдалы екенін көрсеткіміз келеді. Арнайы тақырыптық барабан арқылы қатысушыларға экологияға қатысты сұрақ қойылады. Тапсырмаларды орындайды. Осылайша, олар ойын түрінде қалдықтарды бөлек жинау, табиғи ресурстарды үнемдеу және экологиялық пайдалы әдеттер туралы көбірек біледі», — деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Алмагүл Ғаббас.

Жалпы, интерактивті шара барысында 50-ден аса сұраққа жауап берілді. Петропавлда осы сынды бастамалар алдағы уақытта да қолға алынады.

Тағы оқыңыз: Елімізде бір күнде 30 адамнан қатерлі ісік анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *