27 маусым еліміздегі онкологиялық орталықтарда «Ашық есік күні» шарасы өтті. Нәтижесінде 30 адамнан қатерлі ісік анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Онкологиялық орталықтарда «Ашық есік күні» шарасы еліміздегі барлық орталықтарда ұйымдастырылды. Дәрігерлер тұрғындарды жолдамасыз қабылдады. Қатысушыларды жіті тексерді. Бұл жолғы шара қуықасты безі обырының алдын алуға арналды. Облыс тұрғындары да «Ашық есік күні» шарасына қатысты.
««Ашық есік күні» шарасында 28 адам тексеріліп, дәрігерлерден консультация алды. Нәтижесінде бір жерлесімізден қатерлік ісік табылды. Тағы 17 адамнан өзге аурулар анықталды», — деп хабарлады СҚО онкологиялық орталықтың баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлда зергерлік бұйым дүкенін тонап, өрт шығарған ер адам бес жылға сотталды


