Солтүстік Қазақстан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған екі білім ордасы алғаш рет түлектерін үлкен өмірге шығарып салды. Биыл бұл мектептерді жалпы саны 30 оқушы тәмамдады, деп жазады Qazaqstan Media.
№29 мектептен 16 түлек аттестат алды. Оның алтауы қазақ тілінде, оны орыс тілінде білім алған. Ал биыл алғаш рет түлек ұшырған №28 мектепті 14 оқушы бітірді.
Екі білім беру ұйымы да 600 орынға шақталған. Мектептер заманауи зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, спорт және шығармашылық залдарымен жабдықталған.
Қазіргі таңда №29 мектепте 784 оқушы, ал №28 мектепте 673 оқушы білім алып жатыр.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Жобаның басты мақсаты – оқушыларға қауіпсіз, қолайлы әрі инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру.
Тағы оқыңыз: СҚО-да үш теміржол вокзалы қолданысқа берілді


