Солтүстік Қазақстан облысында жасы 20 мен 25 аралығындағы бес дроппер сотталды. Полицейлер оларды 2025 жылғы шілдеде ұстаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қылмыскерлердің интернет-алаяқтықтың 31 фактісіне қатысы болған. Оқиға желісіне тоқталсақ, шетелде отырған алаяқтар қазақстандықтарға ұялы байланыс операторларының, банк қызметкерлерінің және басқа ұйымдардың атынан хабарласқан. Әртүрлі сылтаумен олар адамдарды SMS-хабарламалардағы кодтарды айтуға көндірген. Кейін қылмыстық схеманың басқа қатысушылары жәбірленушілерді әлдекімдер олардың қаржысына қауіп төндіріп жатыр деп сендіріп, адастырған. Сенімге кірген қаскөйлер азаматтарды ірі көлемде несие рәсімдеуге және қаражатты көрсетілген «қауіпсіз шоттарға» аударуға мәжбүрлеген.
 
Шын мәнінде бұл шоттар «дроптар» деп аталатын адамдарға тиесілі болған. Қаражат солардың шоттары арқылы Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылып отырған. Ал дропперлер осыдан пайда көріп отырған.
 

«Бірқатар қылмысқа жәрдемдескені үшін олар сот алдында жауап берді. Мамыр айында сот шешімімен «дроповодтар» әртүрлі мерзімдерге — екі жылдан алты жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
 

Сонымен қатар сот жәбірленушілердің талап-арыздарының бір бөлігін қанағаттандырды. Енді сотталғандар бірқатар қылмыс бойынша келтірілген залалды өтеуге міндетті. Бір жағдайда шығяе көлемі 22 миллион 800 мың теңгені құрады. Айта кету керек, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өткізілген «Құқықтық дәріхана» акцияларында 40-тан астам тұрғынның мәселесі шешілген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *