Теріскейлік белгілі палуан Алтынбек Аусағитов VIII Халық ойындарының жеңімпазы атанды. Ол жеңіс жолында төрт белдесу өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Теріскейлік палуан аса ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол жеңіс жолында төрт белдесу өткізді. Алтынбек алғашқы айналымда алматылық Абылай Исаевті таза жеңді. Кейін Жамбыл облысының үкіліген үміті Жамбыл Тұрсынғалиевтен қоян-қолтық белдесуде басым түсті.
Ал жартылай финалда тағы бір алматылық Өріс Адибанды жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Ақтық сындағы қарсылас — Қазақстан Барысы турнирінің 2021 жылғы жеңімпазы Дәурен Нұралинов. Кездесуде Алтынбек қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Айта кету керек, тағы бір жерлесіміз Батырхан Қайырбек Халық ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.
Тағы оқыңыз: Петропавлда ішімдік ішіп, көшеде жүрген 15 жастағы қыз ұсталды

