Қазіргі таңда облыста жұпсыз жібек көбелегіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл – жыл сайын өтетін шара, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «MTRK» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда облыста жұпсыз жібек көбелегіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Маңызды іс мамырдың соңында басталған. Орман шаруашылығының өкілдері бүгінге дейін 15 мың гектар орман алқабына арнайы препарат сеуіп үлгеріпті.

Табиғат жанашырлары химиялық өңдеу жұмыстарын тегіннен тегін жүргізіп жатқан жоқ. Себебі, жұпсыз жібек көбелегі орман қорына орасан зор зиян келтіреді. Егер ағашқа түссе жапырағын түгелімен жеп қояды. Сонымен қатар, қарсы шаралар жүргізілмей, мұндай жағдай жыл сайын қайталанса, жасыл желек одан әрі өспей қалуы мүмкін.

Облыста 12 орман шаруашылығы бар. Бейінді басқарма өкілдері маңызды іске кіріспес бұрын әрқайсысына барып, ондағы жасыл желекті тексерген. Нәтижесінде өңірдің 6 ауданынан жұпсыз жібек көбелегінің ошақтары анықталған.

«Барлығы 22 мың гектар орман алқабын өңдеуді жоспарлап отырмыз. Маңызды іс бірер күнде аяқталады. Осы ретте тұрғындарға айтарымыз – шілдеге дейін орманға шығып саңырауқұлақ пен жидек термеулерін сұраймын. Сонымен қатар, ағаш шырынын дайындамағандарыңыз жөн. Себебі, химиялық өңдеу жұмыстарының салдарынан уланып қалуларыңыз мүмкін», — деді СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Василий Лабанчук.

Тағы оқыңыз: VIII Халық ойындары: СҚО спортшыларының нәтижелері

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *