СҚО қан орталығына күніне 40-қа жуық адам келіп, қан тапсырады. Жыл басынан мекемеге 3500 адам келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Дәрігерлердің сөзінше, адамдар мекемеге келіп, бірден қан тапсырмайды. Алдымен дәрігерлердің қарауынан өтеді. Бойы мен салмағы тексеріледі, гемоглобин көрсеткіші бақыланады. Кейін мамандар тұрғындарға қуат алу үшін тәтті шай береді. Тексеріссіз донор атанса қанға мұқтаж адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін. Айта кету керек, орталықта алынған қан облыстағы 21 медициналық мекемеге жөнелтіледі.
1 рет қан тапсырған жан 3 адамның өмірін құтқарады. Бұл игі іс арқылы өзгеге ғана емес, өзіне де пайдаң тиеді. Толығырақ айтсақ, қан тапсыру адам өмірін 5-7 жылға дейін ұзартады. Айта кету керек, бәрі бірдей донор бола алмайды.
«Адамдар ақхалаттылар рұқсат бергеннен кейін ғана қан тапсыра алады. Егер азамат дәрігердің есебінде тұрса, дәрі-дәрмек қабылдаса, донор бола алмайды. Сондай-ақ, денесінде суреті бар немесе пирсинг таққан тұрғын да қан тапсырмайды. Статистикаға сүйенсек, көбінесе 1-ші қан тобы кең таралған. Сол себепті, дәл осы топтағы қан қорын ұлғайтып отырамыз», — деп хабарлады облыстық қан орталығының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданы Красноярка ауылында ауқымды тазалық шарасы өтті

