Бүгін, 11 маусымнан 12 маусымға қараған түні, футболсүйер қауым тағатсыздана күткен 2026 жылғы Әлем чемпионаты басталады. Биылғы додаға тарихта алғаш рет 48 команда қатысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мундиалдың шымылдығын ашатын алғашқы ойында Мексика мен Оңтүстік Африка құрамалары кездеседі.
Биылғы дода Мексика, Канада, АҚШ елдерінде өтеді. Оған тарихта алғаш рет 48 команда қатысады.

Әлем чемпионатының алғашқы матчының трансляциясы Қазақстан уақытымен 11 маусым күні сағат 23:40-та басталады. Ойынды Qazaqstan ұлттық телеарнасы мен ресми сайтында тікелей эфирде көрсетеді. Матч басталмас бұрын дүбірлі доданың ресми ашылу салтанаты өтеді.

Әлем чемпионатының барлық 104 ойыны 11 маусым мен 20 шілде аралығында өтеді. Топтық кезеңнің алғашқы туры 18 маусымға дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Ботай» тарихи фильмінің түсірілімі жалғасып жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *