13-маусым күні Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Шараға жеті ауданның кәсіпкерлері келіп, өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сенбі күні Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Шара 8:30 мен 12:00 аралығында өтеді. Жәрмеңкеге ауылдардан таза табиғи өнімдер әкелінеді. Бағалары нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен.

Шара өтетін орындарға тоқталсақ. «Алтын Арман» базарында Айыртау, Тайынша, Шал ақын аудардарының өкілдері өз өнімдерін ұсынбақ. Ал Аққайың, Қызылжар мен Есіл аудандарының тауарлары «Қызылжар-Ақбастау» базарында саудаланбақ. «Дәрия» базарына Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін сатылымға шығарады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да есірткі таратқан Астана тұрғыны ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *