Қазіргі таңда Прибрежное ауылында жол өткелі салынып жатыр. Нысан 2027 жылдың қазан айында қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазіргі таңда Прибрежное ауылын Петропавлмен байланыстыратын жол өткелі салынуда. Жобада үйінді көтеріліп, нормативтік техникалық параметрлерге келтіріле автомобиль жолы реконструкцияланады. Сондай-ақ ұзындығы 72 метр болатын ең үш аралықты жол өтпесінің құрылысы көзделген. Оның жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайды.

«Жаңа көлік инфрақұрылымы шамамен 1,5 мың адам тұратын Прибрежное ауылының қорғаныс бөгетімен біріктірілетін болады. Бұл елді мекенмен жыл бойы үздіксіз қатынасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Вороний островта туристік нысандар ғана емес, сонымен қатар Петропавл қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды бірінші көтеру сорғы стансасы да орналасқан. Бұрын су тасқыны кезеңінде ауылға баратын жол толықтай су астында қалып, адамдарды тасымалдау және эвакуациялау тек су көлігімен жүзеге асырылатын, бұл қолайсыз ауа райы жағдайында азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді», — деді СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ерден Шортыбаев.

Бүгінгі таңда нысанда іргетасты қиыршық таспен орнықтыру, 40 бұрғылау арқылы 40 қаданы орнату, төрт ростверк салу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ шеткі тіректер тұрғызылды. Қазіргі уақытта №2 тіректің ригелін орнату және жер төсемін төсеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл бұл жобаны жүзеге асыруға 2,6 млрд теңге бөлінді. Жол өткелінің құрылысын аяқтап, оны пайдалануға беру 2027 жылдың қазан айына жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да интернет алаяқтар зейнеткердің жеті миллион теңгесін қолды қылған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *