Облыста бір триллион бір миллиард теңгенің 64 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Кәсіпорындар қолданысқа берілгеннен кейін 10 мың адам жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Qyzyljar арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 609 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте соңғы екі жылда өңірдің негізгі капиталына инвестициялар көлемі екі есеге жуық өсті.
Облыста бір триллилн бір миллиард теңгенің 64 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Кәсіпорындар қолданысқа берілгеннен кейін 10 мың адам жұмыспен қамтылады.

Qyzyljar АЭА – өңірдің өнеркәсіптік өсуінің негізгі орталықтарының бірі. Қазіргі уақытта сегіз субаймақта 21 қатысушы өз жобаларын жүзеге асыруда. Мұнда бюджеттік салымдардың әрбір теңгесіне 8 теңге жеке инвестиция тартылған. «Қызылжар» халықаралық әуежайы базасында мультимодальды логистикалық хаб құру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде.
Олжас Бектенов Qyzyljar АЭА-ға бару қорытындысы бойынша мемлекеттік қолдау жаңа өндірістер, инвестициялар және жұмыс орындары түрінде нақты экономикалық нәтижені қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті. Жауапты мемлекеттік органдар мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне қолданыстағы және әлеуетті инвестициялық жобаларға қолдау көрсету тапсырылды.
Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданы Прибрежное ауылында салынып жатқан жол өткелінің құрылысы 2027 жылы аяқталады

