Полицейлер интернет-алаяқтық фактісін тергеуде. Онда қулар зейнеткерге жеті миллион теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Полицияға интернет-алаяқтардың құрбаны болған Петропавл қаласының 77 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған инвестиция арқылы қомақты табыс табу туралы жарнамаға сеніп қалған. Зейнеткер сілтеме арқылы өтіп, байланыс деректерін қалдырған.

Алаяқтар әйелмен хабарласып, «инвестициялық бизнестің» жоғары табыс әкелетініне сендірген. Сәуір айының соңынан мамыр айының басына дейін олар зейнеткердің барлық жинаған қаражатын иемденген. Келтірілген шығын көлемі жеті миллион теңгеден асты. Қылмыскерлер байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін әйел полицияға жүгінген.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта полицейлер жәбірленушінің ақшасын елден шығаруға пайдаланылған шот иелері — үш дропперді анықтады. Әйелдің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен олардан келтірілген шығынды өндіріп алуға мүмкіндігі бар», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Тайынша қаласында жаңа муралдар салынуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *