27 мамыр сағат алтыда өңіріміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады. Петропавл қалалық әкімдігі парақшасында құрбан малын шалуға арналған орындар жайлы ақпар берді, деп жазады Qazaqstan Media.

Айт намазынан кейін құрбандық мал шалуға мүмкіндігі бар және ниет еткен мұсылмандар 27-28-29 мамыр (сағ. 6:30-дан 20:00-ге дейін) үш күн ішінде құрбандық шалады. Қала тұрғындары ол үшін
Жұмысшы кентінде, «Садовод» базарының аумағында, Космонавтар көшесі, 79/1 мекен-жайларына бара алады.

Санитарлық және экологиялық талапқа сәйкес дайындалған орында барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, жеке адамдардың мал сатуларына да рұқсат етіледі. Айта кету керек, тұрғындар http://qurban.muftyat.kz/ сайтына кіріп, СҚО Петропавл қаласын таңдау арқылы онлайн өтінім беруге болады.

Еліміздің Бас мүфтиі биыл Құрбан айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуді ұсынған болатын.

Тағы оқыңыз: Алтын Орда мұрасы: халықаралық симпозиумға қатысушылар Астанада Қарар қабылдады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *