Петропавлда мәдениет және өнер қызметкерлері арасында қазақ күресінен турнир өтті. Облыстық деңгейдегі сайысқа 40 палуан қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазақ күресінен мәдениет қызметкерлері арасында өткен «Өнер көкжалы» сайысына 40 палуан қатысты. Олардың бір тобы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдессе, екінші жартысы бұдан жоғары санатта күш сынасты. Бірі – әнші, екіншісі – актер, үшіншісі – ақын. Бәсеке қазақ күресі десе бойдағы қаны тулайтын текті ұлдарды біріктірді.

Өнер адамдары спортшылардан кем түспеді. Әдемі әдістер мен қарсы шабуылдар жарыстың көркін қыздырды. Облыстық деңгейдегі сахна саңлақтарының жүлде қоры 1 млн теңгені құрады. Бірінші орынға – 500 мың, екінші – 300, ал үшінші орын иегеріне 200 мың теңге табысталады. Сонымен қатар, топ жарғандардың беліне чемпиондық белдік тағылды.

Жарыс қорытындысы бойынша 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақжар аудандық мәдениет үйінің әншісі Нұрқасым Хасенов жеңіске жетті. Ал «Түйе палуан» атағын С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының қызметкері Нұрхан Салауатов иеленді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерулету мақсатында құқықтық квест өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *