Бүгін — Халықаралық Отбасы күні. Айтулы датаға орай редакция тілшісі өңірдегі ахуал бойынша талдау жүргізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

2025 жылы облыста 4 675 неке тіркелді. Ал жыл басынан 750 жұп отау құрыпты. Статистика бойынша Петропавлда ең көп неке тіркелген. Облыс аудандарының ішінде Айыртау, Ғабит Мүсірепов және Тайынша аудандары көш бастап тұр. 
 
Сонымен қатар, 2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4684 бала дүниеге келді. Ал ағымдағы жылдың басынан бастап 1389 шақалақ туылған. 
Айта кету керек, көптеген ерлі-зайыпты үйлену тойына әдемі және есте қаларлық күндерді таңдағанды жөн көреді. 2026 жылы жас жұбайлар ерекше қызығушылық 2026 жылдың 26 маусымына танытып отыр (26.06.26). 

«Естеріңізге сала кетейік, некеге тұру үшін өтініш той күні таңдалған күннен 15 күн бұрын берілуі керек. Мұны АХАТ бөлімдерінде немесе электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жасауға болады», — деді СҚО ХКҚО баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Келісім аумағы» атты челлендж өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *