13-мамырда облыстың білім ұяларында этносаралық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін ауқымды жиын өтті. Шара «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шараны облыстық прокуратура, ішкі саясат басқармасы және ҚХА өкілдері бірлесіп ұйымдастырды. Ауқымды жиын этносаралық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында өтті. Сондай-ақ, ұлтаралық келісімді күшейту бағытына да ерекше назар аударылды.
Акция барысында студенттерге қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, этносаралық қатынастар, діни сауаттылық және қоғамдық келісім сияқты өзекті мәселелері талқыланды.
Шара ашық диалог форматында өтті. Студенттер мамандар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Аталған бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған интеллектуалды ойын өтті

