Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде ерекше интеллектуалды ойын өткізілді. Шара жаңа Конституция жобасына арналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шара «Заң мен Тәртіп» республикалық акциясы аясында өткізілді. Тапқырлар сайысына қатысқан студенттер командаларға бөлініп, жаңа Ата заңға қатысты сұрақтарға жауап берді. Дараланғандарына тәтті сыйлықтар табысталды.

«Мұндай кездесулер мен танымдық іс-шаралар жастар арасында ұлттық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ойынның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру», — деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы Әбілқайыр Қайдар.

Интеллектуалды ойынға 15 студент қатысты. Олар 3 топқа бөлініп, білімдерін тексерді. Мұндай сында тапқырлықтар бөлек, командалық жұмыс та маңызды рөл атқарады.

Тағы оқыңыз: ҚР Кубогының алғашқы күнінде облыс палуандары екі медаль еншіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *