Төрт айдың қорытындысы бойынша полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы ауқымды жұмыс жүргізген. Осы кезеңде тәртіп сақшылары 97 есірткі құқықбұзушылығын анықтаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-да жыл басынан 97 есірткі құқықбұзушылығы анықталған. Оның 57-сі — есірткі қылмысы. Дәлірек айтсақ, полицейлер 47 есірткі сату фактісін анықтаған. Сонымен қатар, екі зертхананы жойыпты.

Жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде 12 келі түрлі есірткі заты тәркіленді. Оның 60 пайызы — синтетикалық. Сонымен қатар, зиянды затты насихаттайтын және тарататын 450 сайт анықталып, бұғатталды.

«Төрт ай ішінде 460 профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Әсіресе, жастар арасында түсіндіру және алдын алу шараларына басымдық берілуде», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Цифрлық сарбаз: ефрейтор Комрон Тулабоев армия тиімділігін ІТ шешімдер арқылы арттыруда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *