«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2026 жылғы мамыр мерекелері кезіндегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-дың жұмыс кестесін жариялады. Ресми ақпаратқа сәйкес, 1, 7 және 9 мамыр күндері барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді, деп жазады Qazaqstan Media.
2 және 11 мамыр кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар үшін жұмыс күні болып белгіленді. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал мамандандырылған ХҚКО-тарда:
- өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады;
- дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.
Мемлекеттік корпорация өкілдерінің мәліметінше, мереке күндерінен өзге уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.
Кезекші бөлімшелердің нақты тізімін gov4c.kz сайтынан, ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «Pro Future 2026» форумы өтті

