2028 жылы Петропавлда экопарк пайда болады. Саябақтың жалпы аумағы 41 гектарды құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
2028 жылы Петропавлдағы Пестрое көлінің маңында экопарк пайда болады. Саябақтың жалпы аумағы 41 гектарды құрайды. Мұнда жыл бойы демалуға, мәдени іс-шаралар өткізуге арналған қолжетімді кеңістік құрылып, триатлон парк орналаспақ.
Қазіргі таңда аумақта сүру жұмыстары жүріп жатыр. Жоба аясында аумақты абаттандыру, жарықтандыру жүйесін орнату, шағын сәулеттік нысандарды орналастыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және автотұрақ аймақтарын ұйымдастыру қарастырылған. Сонымен бірге Тепличное ауылы арқылы паркке апаратын кірме жолды кеңейту және 520 орындық автотұрақ салу жобасы әзірленуде.

«Маңызды жұмыс ұдайы бақылауда болады. Сапаға ерекше мән беріңіздер. Міндетін дұрыс атқармағандар жауапқа тартылады», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Тағы оқыңыз: М.Қозыбаевқа арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

