Биыл әйгілі академик, тарих ғылымдарының докторы Манаш Қозыбаевтың туғанына — 95 жыл. Айтулы датаға орай біртуар тұлғаның аты берілген университетте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мерейтой біртуар тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Білім ордасында азаматтың өмір жолына арналған көрме қанат жайды. Сөрелерге Манаш Қабашұлының кітаптары мен өмір жолынан сыр шертер туындылары қойылған. Шараға академиктің ұлы Ілияс Қозыбаев арнайы келген. Азамат әкесінің жолын қуыпты. 20-ға жуық кітабы бар.

М.Қозыбаевқа арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
М.Қозыбаевқа арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Әкем қатал адам болған жоқ. Біз оның жүріс-тұрысына қарап бой түзейтінбіз. Немелерін қатты жақсы көрді. Өмірден ерте кетпесе ел үшін қажырлы еңбек етер еді», — деді академиктің ұлы.

Манаш Қозыбаев — еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш болып ұлт тарихын көтерген ғалымдардың бірі. Белгілі қайраткердің қалдырып кеткен мұрасы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде зор септігін тигізіп жүр. Конференция аясында қоршаған ортаны қорғау, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралды. Айта кету керек, тарихи тұлғаның мерейтойына арналған шаралар жыл бойы жалғасын табады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған киножоба басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *