СҚО-да «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілетуге бағытталған жоба белсенді жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында жастарға деректі фильмдер көрсетілуде, деп хабарлайды Qazaqstan Mediа.

Көрсетілімнің алғашқы аптасында-ақ 3000-нан астам оқушы мен студент деректі фильмдер арқылы маңызды әлеуметтік тақырыптармен танысты. Қазіргі таңда өңірдің білім беру ұйымдарында «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» деректі фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылуда. Жобаның ерекшелігі – іс-шараларға прокуратура, полиция және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуы. Олар фильмдерде көтерілген өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, пікір алмасуға атсалысуда.

Қатысушылар сюжетке талдау жасап, кейіпкерлердің әрекеттерін саралап, құқық бұзушылықтың салдары туралы ой түйеді. Жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Фильмдер арқылы есірткі, буллинг және агрессияға байланысты құқық бұзушылықтардың салдары түсіндіріліп, заң алдындағы жауапкершілікке ерекше назар аударылады. Көрсетілімдер сәуір айының соңына дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінде екі ғылыми кабинет ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *