Теріскейлік велоспортшылар ел чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Жерлестеріміз жарыста екі алтын, бір күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Түркістанда велоспорттан ел чемпионаты өтті. Дүбірлі додада теріскейлік спортшылар сәтті өнер көрсетті. Дәлірек айтсақ, 25 шақырымдық жеке жарыста Елизавета Склярова алтын медальға ие болды.
Ал Михаил Подлужный болса күміс жүлде еншіледі. Сонымен қатар, 40 шақырымдық командалық сында өңір құрамасы басқарларынан оқ бойы озық болып, топ жарды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да өзі қызмет көрсеткен науқастың ақшасын жымқырған әлеуметтік қызметкер сотталды

