Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласында бірнеше буынның басын қосқан сенбілік өтті. «Жастар» саябағын тазартуға аға буын өкілдері мен жоғары сынып оқушылары шықты. Олар туған қаласын таза әрі жайлы етуге деген шынайы ниетпен жұмыла еңбек етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Экологиялық акция «Таза Қазақстан»бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, жай ғана аумақты жинау емес, бірлік пен сабақтастықтың символына айналды. Мұнда жас ерекшелігіне бөліну болған жоқ — барлығы иық тіресе жұмыс істеп, құрал-саймандармен ғана емес, көтеріңкі көңіл-күймен де бөлісті.

 «Бүгінгі таңда жастардың бойында экологиялық ойлауды дамыту өте маңызды. Мұндай акциялар табиғатқа қамқорлық жасау — бұл бір реттік бастама емес, қалыпты жағдайға айналуы тиіс өмір салты екенін көрсетеді», — деп атап өтті Жастар ресурстық орталығы директорының м.а. Дмитрий Поликарпов.

Аға буын өкілдері туған жерге деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетсе, жастар бұл бастаманы зор ықыласпен іліп әкетті. Мектеп оқушылары үшін бұл тек пайдалы еңбек қана емес, сонымен қатар табиғатты аялауға, өзгенің еңбегін құрметтеуге және туған жерін қадірлеуге баулитын маңызды өмірлік сабақ болды.

«Үлкендер мен жастар бірге еңбек еткенде тек тәжірибе ғана емес, құндылықтар да беріледі. Біз өз үлгімізбен туған жерді сүю мен қорғаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеміз», — деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Омаров.

Жаңа құндылықтардың қалыптасуы

Мұндай іс-шаралардың жаңа экологиялық ойлау жүйесін қалыптастырудағы маңызы зор. Бүгінде бұл жай ғана сенбілік емес, жарқын болашаққа жасалған саналы қадам. Адамдар айналадағы тәртіп — әрбір жанның жеке жауапкершілігі екенін түсіне бастады.

«Жастар» саябағы сол күні тек тазалыққа ғана емес, сонымен қатар ерекше жылулық пен ортақ мақсатқа толы атмосфераға бөленді. Қатысушылар бір-біріне көмектесіп, әзілдесіп, атқарылған жұмыстың нәтижесіне шын жүректен қуанды.

Сенбілік барысында көпшілік мұндай кездесулердің тазалықтан да маңыздырақ мәні бар екенін айтты. Бұл — қарым-қатынас, бірлік сезімі және жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін, бірлесіп нақты өзгерістерге қол жеткізуге болатынын түсіну.

Тағы оқыңыз: Ислам Евлоев — Азия чемпионатының қола жүлдегері

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *