Биыл Қазақстанда Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізу жоспарда жоқ екен.  Оның орнына өзге әскери-патриоттық іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды QM.
 
Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмай жүр. Қорғаныс министрлігі мұның себебін бюджетті үнемдеу деп түсіндірді.

Тек былтыр Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру ұйымдастырылды.  Оған 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника және майдан, армия және әскери-көлік авиациясынан 66 ұшақ пен тікұшақ қатысты.

Әскери шеру биыл да болмайды екен. Әзірге жоспарда жоқ. Оның орнына мынадай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

  • ерлік туралы сабақтар;
  • ең үздік әскери қызметшілерге құрмет көрсету;
  • ардагерлерге құрмет көрсету;
  • экологиялық акциялар;
  • әскери оркестр шеруі;
  • шығармашылық топтардың өнер көрсетуі;
  • техника мен қару-жарақ көрмесі;
  • сарбаз ботқасы акциясы;
  • ашық есік күндері.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер 40-тан астам қаруды тәркіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *