СҚО-да бірінші сәуірден бастап «Қару иесі» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Оның аясында полицейлер 40-тан астам қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шара аясында полицейлер 1500-ден астам мекенжайды тексерді. Нәтижесінде қайта тіркеу мерзімі өтіп кеткен бес қаруды анықтады. Сонымен қатар, сақтау қағидаларын бұзудың 21 дерегі тіркелді.

Дәлірек айтсақ, тұрғындар қару тұрған темір жәшікті дұрыс бекітпеген және ондағы дабыл жүйесі істен шыққан. Жайсыз жайттардың алдын алу мақсатында 40-тан астам қару заңбұзушылықтар жойылғанға дейін уақытша тәркіленді. Айта кету керек, шара 10-сәуірге дейін жалғасады.

«Аңшылардың дені қару сақталатын темір жәшікте ақша, құжат пен басқа да құнды заттарды сақтайды. Бұған заң бойынша қатаң тыйым салынған. Одан қалды, қаруды қапталмаған және оқталған күйде қоюға болмайды. Бұл — өрескел қателік. Жазатайым оқиға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, мас күйде қарумен жүруге тыйым салынады», — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Психологтар бес жыл сайын біліктілігін арттырып отырады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *