Бұл — Театральная көшесі, 47 мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты үй. Баспанадағы жеті подъездің есігі халықаралық конкурста жеңіп алған қаржының есебінен жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазіргі таңда Театральная көшесі, 47 мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты үйдегі жеті подъездің есігі ауыстырылып жатыр. Маңызды іс «Жайлылық градусы» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Дәлірек айтсақ, жергілікті «GROW KZ» қоғамдық қоры халықаралық конкурста жеңімпаз атанып, бес млн теңге грант ұтып алған. Барлық жұмыс сол қаржыға істеліп жатыр.

Петропавлда халықаралық конкурста жеңіп алған қаржыға баспана есіктері жаңартылып жатыр
Петропавлда халықаралық конкурста жеңіп алған қаржыға баспана есіктері жаңартылып жатыр

«Грантты ұтып алу үшін көпқабатты баспананың тұрғындарымен бірге жоба әзірледік. Міне, жемісін көріп отырмыз. Барлық подъездің есігін ауыстыруға шамалы қаржы жетпеді. Қалғанын тұрғындар қосты. Баспанаға пластик есіктерді орнатудамыз. Себебі, тозған темір есіктерден жел соғып, салдарынан жылу шығыны көбейеді», — деді қоғамдық қордың төрағасы Зулфия Тухватуллина.

Шыны керек, өңір тұрғындары жылу үшін жауапты серіктестікке қыруар қаржы төлейді. «Әр үйге заманауи есіктер салынса, азаматтардың қалтасынан шығатын ақша азаяр еді. Бұл — дәлелденген дүние», — дейді қалалық ПИК төрағасы Сергей Худяков. Азамат алдағы уақытта шаһардағы ескі баспаналардың сырты жылуұстағыш материалдармен қапталғанын қалайды. Жобаны жүзеге асыру үшін ол халық қалаулыларымен және тұрғындармен кездесіп жүр.

«Петропавлда ескі үйлер көп. Тұрғындарынан жаңа баспаналарға қарағанда көбірек төлем алынады. Себебі, бертін қолданысқа берілген тұрғынжайларда жылуды үнемдейтін арнайы қондырғылар орнатылған. Шетелдік мамандар бұл мәселенің шешімін тапты. Германиялықтар ескі көпқабатты үйлердің сыртын, шатырын, тіпті, жертөлесіне дейін жылуұстағыш материалмен қаптаған. Тиісінше, олар жылу үшін аз қаржы төлейді», — деді қалалық ПИК төрағасы Сергей Худяков.

Тұрғындар өздері тұрып жатқан баспанада мұндай оң өзгерістердің орын алып жатқанына қуанышты. «Пластик есіктерді орнатудың нәтижесінде келесі жылыту маусымынан бастап жылуға кететін шығын 10 пайызға азаюға тиіс», — дейді жоба жетекшілері.

Тағы оқыңыз: СҚО-да оқушыларға денсаулықты сақтау ережелері түсіндірілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *