Солтүстік Қазақстан облысында ауыл оқушыларына арналған «Мамандығым – мақтанышым» әлеуметтік жобасы аясында «Мамандық керуені» өтіп жатыр. Кәсіби бағдар беру шарасы 6–10 сәуір аралығында ұйымдастырылып, 10 ауыл мектебін қамтуы жоспарланған,деп жазады Qazaqstan Media.

Жобаны «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы жүзеге асырып жатыр. Басты мақсат – өңір оқушыларының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына жағдай жасау. Еңбек нарығына сай кәсіби бағыт беру және олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету.

СҚО-да ауыл оқушыларына арналған «Мамандық керуені» өтіп жатыр
СҚО-да ауыл оқушыларына арналған «Мамандық керуені» өтіп жатыр

Жобаға облыс орталығындағы барлық орта арнайы білім беретін оқу мекемелері қатысуда. Олар аудан,ауылдардағы мектеп түлектерімен кездесулер ұйымдастыруда. Оқушыларға әр колледждің мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беріледі. Талапкер болып келген сәттен бастап, диплом алып маман иесі атанға дейінгі әр қадам түсіндіріледі.

СҚО-да ауыл оқушыларына арналған «Мамандық керуені» өтіп жатыр
СҚО-да ауыл оқушыларына арналған «Мамандық керуені» өтіп жатыр

Бұл ауыл мектептеріндегі түлектерге болашақ кәсібін таңдауда бағыт-бағдар беруге арналған бастама.

СҚО-да ауыл оқушыларына арналған «Мамандық керуені» өтіп жатыр
СҚО-да ауыл оқушыларына арналған «Мамандық керуені» өтіп жатыр

Тағы оқыңыз: СҚО-да шортан балығы жаппай қырылуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *