2026 жылдың басынан бері облыс прокуратурасы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жалпы ауданы 73 мың гектардан асатын 87 жер учаскесін анықтады. Бұл фактілер аудандармен қатар Петропавл қаласында да тіркелді, деп жазады Qazaqstan Media.
 
Солтүстік Қазақстандағы Ақжар, Жамбыл, Уәлиханов және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарда кәсіпкерлер өздеріне тиесілі жер учаскеліріне немқұрайлы қараған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 86 учаскенің тиісті деңгейде пайдаланбаған.  Ал, Петропавл қаласында кәсіпкер ұзақ уақыт бойы коммерциялық қызметке арналған  учаске қолданыста болмапты. Оның ауданы 12,5 га. Осылайша ол Кодекс талаптарын бұзған. Бұл олқылықтардың барлығын құзырлы орган аммандары анықтап, мемлекет меншігіне қайтарды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кадастрлық құны 362,9 млн теңге болатын, жалпы ауданы 4 447 гектар 7 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.  Қалған жер учаскелері бойынша жұмыстар жалғасуда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ағаш өңдеу зауыты салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *