Қарапайым ережені сақтау — жүргізушінің, жолаушының өмірін сақтау. Петропавлда «Белдік тақ» акциясы өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аты айтып тұрғандай, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған шарада жалпыға ортақ талапты орындау жайлы кеңінен айтылды. Жалпыға ортақ талаптың бірі — белдік тағу. Жүргізуші де, жолаушылар да бұл ережені ескеруі тиіс.

Белдіктің бойындағы темірді ұстап, арнайы жабдыққа сырт еткізу секундтарды қажет етеді. Қас қағым сәтте аяқталатын іске кейбіреулер пысқыра қарайды. Бұл — заңға бағынбау, жауапкершіліктің жоқтығы. Осы турасында шенділер тарапынан маңызды кеңестер айтылды.

Қарапайым ережені сақтау - жүргізушінің, жолаушының өмірін сақтау. Петропавлда «Белдік тақ» акциясы өтті
Қарапайым ережені сақтау — жүргізушінің, жолаушының өмірін сақтау. Петропавлда «Белдік тақ» акциясы өтті

«Іс-шара барысында ата-аналарға, жүргізушілерге көлікте балаларға арналған орындықты дұрыс пайдалану жайлы да айтамыз. Акция барысында сауда орнындағы, автотұрақтағы адамдар қамтылды», — деді Петропавл қалалық ПБ ППБ қызметінің аға инспекторы Санат Еменалин.

Тағы оқыңыз: Аулаларды жарықтандыру, камералар орнату және футбол алаңдарын салу – Петропавлда жаңарту кезеңі басталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *