Петропавлда Конституция Қазақстан көшесін қайта жаңартудың екінші кезеңі басталды. Биыл Парк көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі аралық жаңартылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жұмысшылар ескі кеспе тастарды бұзуға кірісті. Алда — жаңасын төсеу және аумақты абаттандыру жұмыстары тұр. Үйлердің сыртқы келбетіне ерекше назар аударылады. Көше бойындағы сегіз ғимараттың қасбеті жаңартылып, заманауи жылу панельдерімен қапталады. Архитектуралық жарықтандырумен безендіріледі.

«Жобаны жүзеге асыратын мердігер панельдер өндірісін ашты. Өнім сапалы», — деді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.

Кешкі уақытта ғимараттар жаңа жарықпен жарқырап, көшеге заманауи әрі ұқыпты көрік береді. Жобаға жергілікті бизнес пен ауыл шаруашылығы өндірушілері де қолдау көрсетті. Олар қаржылай көмек көрсетті.

Аграрилер 250 миллион теңге бөлсе, қала кәсіпкерлері тағы 150 миллион теңге қосты. Конституция көшесін қайта жаңартудың үшінші кезеңі 2027 жылы өтеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда татардың ұлы ақынына арналған сквер бой көтереді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *