СҚО-да прокурорлар Жамбыл және Тайынша аудандарында мемлекеттік сатып алуда олқылықтарды анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Құзырлы орган жүргізген талдау барысында бірнеше олқылықты анықтады. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында экономика және қаржы бөлімінің лауазымды тұлғалары заң талаптарын бұзған.
Дәлірек айтсақ, жер учаскелерінде тиісті құжаттар болмағанына қарамастан көше-жол желісін орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған. Маңызды іске 213 млн 800 мың теңге бөлінген. Ал Тайынша ауданы Білім бөлімінің тарапынан педагог қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізілген.
Бұл жұмысқа бюджеттен 13 млн теңге сомасында қаржы бөлінген. Бірақ, мемлекеттік сатып алуға Денсаулық сақтау министрлігі бекітпеген дәрігерлердің(терапевт, дерматовенеролог, невропотолог) қызметтері енгізілген.
«Прокуратура мамандарының көмегімен заңбұзушылықтар жойылды. Лауазымды тұлғаларды жауапкеркершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда», — деп мәлімдеді СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да велосипед ұрлаған ер адам ұсталды

