Қарты бар елдің қазынасы бар. Петропавлда облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Маңызды жиынға өңірдің түкпір-түкпірінен келген аға буын өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ардагерлердің басын қосқан алқалы жиынға облыс әкімі де қатысты. Ғауез Нұрмұхамбетов қоғамның алтын діңгектерінің аймақтың дамуына қосқан үлесі зор екенін атап өтті.

СҚО-да облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру- сайлау конференциясы өтті
СҚО-да облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру- сайлау конференциясы өтті

«Өскелең ұрпақ — сіздермен қаланған іргетастың заңды жалғасы. Сіздердің арқаларыңызда қай сала болмасын қарышты дамып келеді. Бұл маңызды жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағылымы мол шараға «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов арнайы келген. 40 жылдан астам уақыт мемлекетте қызметте еңбек еткен азамат облыста атқарылып жатқан ілкімді істер мен ардагерлер кеңесінің жұмысын жоғары бағалады.

СҚО-да облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру- сайлау конференциясы өтті
СҚО-да облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру- сайлау конференциясы өтті

«СҚО — мемлекетіміздің аграрлық-индустриялық күретамыры ғана емес, бірлік пен еңбекқорлықтың белгісі. Сіздердің еліміздің гүлденуіне қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіді жоғары бағалаймын. Сіздерді еліміздің гүлденуіне қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізді  жоғары бағалаймыз. Солтүстік өңірінің дамуына, жас ұрпақтың отансүйгіштік рухта тәрбиеленуіне атсалысып жүргендеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш.Баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға береке тілеймін!», — деді Бақтықожа Ізмұзамбетов.

Аға буын өкілдері — қоғамның алтын діңгегі. Қазіргі таңда облыстық ардагерлер кеңесінің құрамында 104 мыңнан астам зейнеткер бар. Өмірден көрген-түйгендері мол, білікті де білімді жандар ерінбей еңбек етіп жүр. Бүгінде қазыналы қарияларымыз елдің тұрақтылығы мен ауызбіршілігін сақтауға ықпал етіп, халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналды. Жастарды тәрбиелеу ісінде де баға жетпес ақылдарын айтып жүр.

СҚО-да облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру- сайлау конференциясы өтті
СҚО-да облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру- сайлау конференциясы өтті

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, біз атқарған әр жұмыс әкімдік қолдауымен жүзеге асты. Алдағы уақытта да ортақ мақсатқа жетелейтін ынтымақтастағымыз өз жемісін берері сөзсіз. Халықтың тұрмыс жағдайына көңіл аударып, тыныс-тіршілігіне құлақ түрсек ардагерлердің де беделі артады», — деді СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Алқалы жиында ауқымды жұмыс атқарған ардагерлер ұйымдары анықталды. Алдыңғы қатарда шалақындық қариялар бар. Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің құрамына 3 мың 600-ден астам зейнеткер кіреді. Оның 80-ге жуығы — тыл ардагері.

СҚО-да облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру- сайлау конференциясы өтті
СҚО-да облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру- сайлау конференциясы өтті

«Соңғы бес жылда атқарған жұмыс көлемі ауқымды. Аудан орталығында әкімдіктің қолдауымен «Данқ аллеясын» аштық. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымызды жіті зерттеу үстіндеміз», — деді Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрар Оразалин.

Шара барысында облыс әкімі Ескендір Елеусізовті облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне қайта сайлауды ұсынды. Өңірдің түкпір-түкпірінен келген қариялар аймақ басшысын бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, алқалы жиында облыстың дамуына зор үлес қосқан аға буын өкілдері марапатталды.

Шара аясында кең көлемді көрме қанат жайды. Онда әр аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмысы толықтай көрсетілген.

Тағы оқыңыз: Жас ақындар Қозыбаев университетінде сөз сайыстырды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *