Солтүстік Қазақстан облысында оқушылар мен студенттерге арналған «Жеке қауіпсіздік» сабақтары жүйелі түрде өтіп жатыр. 2025–2026 оқу жылында білім ордаларында 50 мыңнан астам сабақ ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өңірде 2024 жылдан бастап мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне «Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар енгізілген. Ресми мәліметке сәйкес, олардың 49 018-і мектептерде, ал 1 686-сы колледждерде өткен. Жалпы бұл сабақтармен 84 мыңнан астам білім алушы қамтылған.

«Сабақтардың негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдерге жеке қауіпсіздікті сақтаудың негізгі қағидаларын үйрету. Қауіп-қатерді дер кезінде танып, дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру»,-дейді мамандар.

Сабақтар апта сайын сынып және кураторлық сағаттар аясында 10 минуттық қысқа модульдер форматында өткізіледі. Мұндай тәсіл қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында оқушыларға және студенттерге бірнеше маңызды бағыт түсіндіріледі. Атап айтқанда, төтенше жағдайларда әрекет ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, өрт қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтау және цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Сабақтар интерактивті форматта өтеді. Білім алушылар бейнематериалдар көріп, жағдаяттық тапсырмалар орындап, практикалық жаттығуларға қатысады.  Мамандар мұндай бастама жас ұрпақтың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, түрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға сеп болатынын айтады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі зейнеткер 6 млн теңгені алаяқтарға аудара жаздаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *